Газ өңдеу саласын дамыту
Қазақстанның газ өңдеу саласын дамыту
Қазақстан мұнай, газ, пайдалы қазбалар сынды табиғи ресурстарға бай.
Мемлекетте мұнай өндіретін жерлерден алынатын шикі жоғары күкіртті газдың үлкен көлемі бар. Ал оны өз кезегінде жер қыртысына қайта айдамай, метанға айналдыруға болады. Осылайша, жергілікті газ қорын арттырып, қоршаған ортаның жағдайын жақсартуға көмектесуге болады.
Бірақ табиғи ресурстардың үлкен бөлігі өңделмеген күйінде экспортталады. Елде бұрынғыша мұнай және газ өндеуші қуаттар аз. Қазақстанға көмірден жаңартылған энергия көздеріне логикалық ауысу ретінде, жергілікті химиялық өнеркәсіптің табиғи газ негізінде дамуына көмектесетін ірі жобалар қажет.
Климаттың өзгеруіне бейімделуді арттыру мен парниктік газдардың (ПК) шығарындыларын азайту үшін, сондай-ақ экономиканы диверсификациялау үшін жергілікті газ өңдеуші өнеркәсіпті дамыту қажет.
Қазақстанның көміртектік бейтараптық доктринасы аясында нөлдік шығарындыларға ауысы 2060 жылға жоспарланған. 2050 жылға қарай Қазақстан жаңартылатын энергия үлесі 50%-ға жететін, ал газ үлесі 25%-ға жететін энергетикалық кешенге ие болуды жоспарлап отыр. 2015 жылғы Париж келесіміне сай мемлекет ПК шығарындыларын 2030 жылға дейін 15%-ға дейін түсіруді көздеп отыр.
Сонымен қатар, Қазақстанда көміртегі бюджетін, көміртегі бағасын және ережелерін нақтылайтын жаңа экологиялық кодекс енгізіледі.