Karachaganak Green Energy Corporation (KGEC) әлемдегі ең ірі газ конденсат кен орындарының бірі, Қарашығанақта өндірілетін артық газды валоризациялау бойынша жаңа жоба дайындау мен іске асыру үшін 2022 жылдың басында ашылған.
Жоба Қарашығанақ Петролеум Оперейтинг (КПО) өндіретін ілеспе газды, көміртегін ұстау технологиясын қолдана отырып, «жасыл энергия» мен «жасыл аммиак» өндіру арқылы экологиялық таза энергия көздеріне түрлендіруге бағытталған.
KGEC-дің түпкі мақсаты жергілікті газ өндіру өнеркәсібін дамытуға және мемлекетке екпінді барлаудан қайта өңдеуге қоюға көмектесу арқылы, Қазақстанның экономикалық диверсификациялануы мен декарбонизациялануына өз үлесін қосу.
KGEC жобасының келесідей артықшылықтары бар:
- Қазақстан экономикасын декарбонизациялау үрдісін жеделдету
- Қазіргі таңда қазба отынына негізделген экономикадан, Қазақстандағы мол табиғи газ көздерін қолдана отырып, сутегіне негізделген экономикаға шынайы энергетикалық ауысу процесін қамтамасыз ету
- Қазақстандық озық технологияларды және кешенді газ өңдеумен қатар, аммиак пен сутегі өнеркәсібіндегі бірегей тәжірибені күшейту
- Батыс Қазақстан облысына ірі мөлшердегі сатып алуды қосқанда, күкіртсіз газ бен “жасыл” электр қуатынының жетікізілімін арттыру
- Аймақтағы халық пен бизнеске үлкен экономикалық және әлеуметтік әсері бар жоғары білікті жұмыс орындарын құру
- Инженерлік білім мен құрылыс мүмкіндіктері саласында жергілікті ресурстарды максималды қолдану
KGEC келесілерден тұратын өнеркәсіп
кешенін салуды жоспарлап отыр:
кешенін салуды жоспарлап отыр:
Тұрақсыз шикі газды өңдеуге арналған газ өңдеу зауыты
Құрама циклді электр станциясы
Аммиак зауыты
Сұйытылған мұнай газын (LPG) өндіретін зауыт
Деминерализацияға/суды тазартуға арналған қондырғы
KGEC өнеркәсіптік кешені 2027 жылдың қаңтарынан бастап пайдалануға беріледі және жылына 500 МВт электр энергиясы мен 2,5 млн тонна аммиак өндіреді деп күтілуде.