Сутегі мен аммиактың байланысы және CO2 шығындыларын қысқарту үшін көмірмен бірге жағу арқылы аммиакты қолдану
Сутегі мен аммиактың байланысы және CO2 шығындыларын қысқарту үшін көмірмен бірге жағу арқылы аммиакты қолдану
CO2 шығарындыларын азайтуға бағытталған ірі мөлшерде аммиак өндіруді дамыту климаттың өзгеруіне бейімделуде Қазақстанның үлесін арттырады.
CO2 шығындыларының азаюы Париж келісімінің мақсаттарына жетуіне ықпалын тигізеді.
Үш сценарий бойынша 2030 жылға қарай энергетикалық кәсіпорындардың парниктік газдар шығарындыларының жалпы болжамы, млн т.
2014 жылғы кәсіпорындардың жалпы базалық шығарындылары | 2030 жылға дейін шығарындылар, шартсыз мақсат | 2030 жылға қарай шығарындылар, шартты мақсат | 2030 жылға арналған шығарындылар болжамы, тренд сценарийі | 2030 жылға арналған шығарындылар болжамы, қалыпты модернизация сценарийі | 2030 жылға арналған парниктік газдар шығарындыларының болжамы, толық жаңғырту сценарийі |
86,9 | 83,8 | 73,9 | 128,3 | 100,9 | 70,4 |
Көміртегіне салықты азайту (трансшекаралық көміртегін реттеудегі жаңа механизмнің (CBAM) енгізілуімен мемлекеттер экпортталатын тауарға көміртегі үшін салық төлейтін болады).
Аммиак сутегімен тығыз байланысты болғандықтан, аммиак өндіретін ірі зауыттың салынуы Қазақстандағы аммиак-сутегі байланысы саласындағы технологиялық тәжірибенің дамуына әсер ететін болады. Қазіргі таңда Қазақстан сутегі саласының дамыту бойынша жаңа жол картасын дайындап жатыр. Еуропалық мемлекеттер Қазақстандық жасыл сутегіне инвестиция жасай бастады.